Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері командалық есепте үздік атанды.

Құрлықтық додада қазақстандық балуандар үш алтын, төрт күміс, екі қола медаль алды.

Ел құрамасынан Ербол Камалиев (55 келі), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келі), Мерей Мәулітканов (72 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.

Екінші орынға Диас Әскербай (67 келі), Расул Жунис (77 келі), Альмир Төлебаев (82 келі) және Мақсат Сайлау (87 келі) табан тіреді.

Үздік үштікті Бақдәулет Азамат (97 келі), Асылбек Жәнібекұлы (130 келі) түйіндеді.