Лас-Вегаста өткен UFC 303 турнирінің қорытындысы бойынша бонустардың иелері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алекс Перейра, Пэйтон Талботт, Мэйси Чиассон және Джо Пайфер үздік өнерлері үшін қосымша 50 000 доллар алды.

UFC 303 турнирінің негізгі кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Алекс Перейра Иржи Прочазканы екінші раундта нокаутқа түсірді.

Турнирдің ең үздік жекпе-жегі Андре Фили мен Куб Свонсон арасындағы жекпе-жек болды, онда Фили төрешілер шешімімен жеңіске жетті.