Бүгін Лас-Вегаста UFC 303 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шараның басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Алекс Перейра мен бұрынғы титул иегері Иржи Прохазка сегізбұрышта кездесті.

Жекпе-жек екінші раундтың басында Перейра қарсыласын нокаутқа түсірді.

Олардың бірінші жекпе-жегі өткен жылдың қараша айында өтіп, бразилиялық екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.