Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Веллингтон қаласында (АҚШ, Флорида) өткен грэпплингтен NAGA (North American Grappling Association) турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы жекпе-жекте Жұмағұлов америкалық Рэймонд Пейджді (Rogue Wave Martial Arts) жеңді. Осылайша Жалғас NAGA чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Аралас жекпе-жек бойынша Жалғас Жұмағұлов ақпан айында соңғы ресми жекпе-жегін өткізді: Naiza FC 57 турнирінде америкалық файтер Кливленд Маклинді (17-12) ұтты.