Қазір Лас-Вегаста UFC 303 өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің Дэн Иге мен Диего Лопес екінші маңызды жекпе-жегінде сегізбұрышта кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, бразилиялықтың жеңісімен аяқталды.

Лопестің қарсыласы бастапқыда Брайан Ортега болуы керек еді. Алайда америкалық спортшы денсаулығына байланысты турнирден бас тартты. Иге жекпе-жектің басталуына 3 сағат қалғанда шықты.

Кештің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Алекс Перейра бұрынғы титул иегері Иржи Прочазкамен реванш өткізеді.