UFC 303 турнирінде америкалық Брайан Ортега мен бразилиялық Диего Лопес арасындағы жекпе-жек өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир басшыларының айтуынша, Ортега медициналық себептерге байланысты қатыса алмайды. Оның орнын америкалық Дэн Иге басады.

«Дереккөздер Ортеганың ауырып қалғанын айтады. Иге мен Лопес арасындағы жекпе-жек өтетін болса, 75 келіге дейінгі аралық салмақта өтеді. Иге салмақ өлшеу үшін аренаға барады», – деп жазды журналист Ариэль Хелвани.

Иге соңғы рет 2024 жылдың ақпан айында жекпе-жек өткізіп, Андре Филиді жеңді.