«Жетісай» шабуылшысы Бекнұр Рысқұл черногориялық «Единство» клубының футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жетісай» клубы шабуылшы Бекнұр Рысқұлмен жасалған келісім-шарт екіжақты келісіммен үзіп, команда шабуылшысы Черногориялық «Единиство» клубына ауысқаны туралы хабарлайды», - деп жазылған жетісайлық клубтың ақпаратында.

26 жастағы футболшының жаңа клубы Биело-Поле қаласының «Единство» клубы болады. Команда Черногорияның жоғарғы дивизионында ойнайды.