Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов BorodAbata YouTube-арнасына берген сұхбатында жартылай қорғаушы Максим Самородовтың австриялық «Рапидке» ықтимал трансфері жайында ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Максим Самородовпен жеке таныс емеспіз, бірақ менің жұмысым - футболшының ойынын көргенде бірден бағалау. Менің түсінуімше, Самородов - көше жігіті, өз бағасын жақсы біледі. Енді оған австриялық «Рапид» емес, «Реал Мадрид» қызығуы үшін оны дұрыс бағыттау керек», - деді Черчесов.

Қазақстандық БАҚ Самородовқа австриялық «Рапид» пен «Штурм» қызығушылық танытқанын хабарлаған еді.