«Матч ТВ» ақпараты бойынша, қазақстандық Артем Резников пен ресейлік Али Багов арасында қазір жанжал жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық файтер БАҚ-қа былай деді: «Бір-біріміздің қолымызды алып, мәселені шештік. Әңгімелесіп, жақсы қарым-қатынаста қоштастық».

Бұған дейін Багов (34-11) былтыр 24 жетоқсанда АСА 168 турнирінде Резниковті (25-8) төртінші раундта жеңген болатын. Артынша Багов қазақстандықпен октагоннан тыс жерде кездескісі келіп, жанжал шыққан еді.