Аргентина құрамасының бапкері Вальтер Самуэль Лионель Месси Америка кубогы топтық кезеңінде Перуге қарсы ойынға қатыса алмайтынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Лео кейінгі ойында жарақат алған және алдағы [Перуға қарсы] матчқа қатыспайды. Біз оның жағдайын қадағалап, бәрі қалай болатынын бағалаймыз», - деп келтіреді Самюэльдің сөзін ESPN.

Чилиге қарсы матчтан кейін Месси жарақат алғанын хабарлаған еді.

Аргентина құрамасы алғашқы екі турдан кейін 6 ұпай еншілеп, плэй-офф кезеңіне жолдама алып қойды.