Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов BorodAbata YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстан чемпионаты матчтарының Қазақстан құрамасы үшін шегерілуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Қазақстан құрамасы Еуропадағы басқа командаларға қарағанда ресми ойындарға көбірек дайындалады: клубтар федерациямен келісіп, Қазақстан чемпионатының турларын шегереді...

– Маған солай шегергені ұнамайды. Басында Қазақстан чемпионатының күнтізбесін ФИФА-ның белгілі бір күндерінде ойындар өткізілмейтіндей етіп жоспарлау қажет. Бұл жағдайда жаттықтырушыларға оңайырақ болады: егер ойындар шегерілсе, онда бапкер дайындық циклін бұзбау үшін соған ыңғайласуы керек. Мен Ресей құрамасында жұмыс істегенімде, РПЛ матчтарын кейінге қалдырмауды өтіндім, өйткені клуб бапкерлерінің еңбегін құрметтеу керек. Дегенмен, матчтарды жүйелі түрде шегере беруге болмайды. Заманауи бапкер көптеген жайтты зерттеп, жұмысын жоспарлауы керек.

Еске салайық, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 3 маусымда тағайындалған болатын.