Қазақстандық файтер Артем «Спартак» Резников Сочиде АСА177 турнирінде ресейлік Мухамед Коковты сенімді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Резников үш раундта да басым болып, 39:27 есебімен жеңді.

Сол жеңістен кейін қазақстандық файтер ресейлік Юсуф Раисовты жекпе-жекке шақырды.

«Юсуф Раисов! Сен жауынгерсің! Мен сені жекпе-жекке шақырғанымда оны еркекше қабылдадың! Саған бұл жекпе-жек керегін білемін, саған қарыздармын. Сондықтан, Юсуф, бұл фанаттар қалап отыр, лига қалап отыр, олар үшін бәрін жасауымыз керек», - деді Резников жекпе-жектен кейін.