2022 жылдан бері рингке шықпаған бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) АҚШ-та жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Ахмедовтың келесі жекпе-жегі Калифорния штатының Санта-Инес қаласындағы Chumash Casino-да 31 тамыз күні өтеді. Садриддиннің өнері промоутер Том Леффлердің шоуы аясында өтеді. Айта кетейік, бұл Садриддин Ахмедовтың штаттардағы дебюттік жекпе-жегі болмақ.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы 24 желтоқсан күні Алматыда өткізді. Боксшы алғашқы раундта оңтүістікафрикалық Нкулулеко Мхлонгоны (23-11-1, 18 КО) жеңді.