Еуро-2024 1/8 финалындағы Швейцария мен Италия арасындағы ойын 29 маусымда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швейцария – Италия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:50-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Швейцария құрамасы «А» квартетінің турнирлік кестесінде тек Германия құрамасын басып озып, екінші орын алды. Үш ойыннан кейін швейцариялықтар бес ұпай жинады.

Қазіргі титулдың иегері саналатын Италия құрамасы да өз квартетінің турнирлік кестесінде екінші орынды иеленді. Италиялықтар үш ойыннан төрт ұпай жинады.