Астана уақытымен 29 маусымнан 30 маусымға қараған түні UFC 303 турнирі өтеді, оның басты жекпе-жегінде қазіргі UFC жартылай ауыр салмақтағы титулының иегері (93 келіге дейін), бразилиялық Алекс Перейра, және атақты чех файтері Иржи Прохазка кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін турнирге қатысатын файтерлердің салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Жартылай ауыр салмақ: Алекс Перейра (92,75 кг) және Иржи Прохазка (92,75 кг);

Жеңіл салмақ: Брайан Ортега (70,3 кг) және Диего Лопес (70,3 кг);

Жартылай ауыр салмақ: Энтони Смит (93,44 кг) және Роман Долидзе (92,98 кг);

Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ: Майра Буэно Силва (61,68 кг) және Мэйси Чиассон (61,46 кг);

Жартылай орта салмақ: Иан Гарри (77,11 кг) және Майкл Пейдж (77,56 кг);

Орта салмақ: Джо Пайфер (84,14 кг) және Марк-Андре Баррио (83,91 кг);

Жартылай жеңіл салмақ: Каб Суонсон (66,22 кг) және Андре Фили (65,99 кг);

Жартылай жеңіл салмақ: Шарль Журден (66,22 кг) және Жан Силва (66,9 кг)*;

Жеңіл салмақ: Пэйтон Талботт (61,46 кг) vs Яннис Геммури (61,68 кг);

Әйелдер арасындағы ең төменгі салмақ: Мишель Уотерсон-Гомес (52,16 кг) және Джиллиан Робертсон (52,61 кг);

Ауыр салмақ: Андрей Орловский (111,13 кг) және Мартин Будай (119,97 кг);

Ең жеңіл салмақ: Рэи Цуруя (56,92 кг) және Карлос Эрнандес (56,69 кг);

Жеңіл салмақ: Рики Симон (61,68 кг) және Винисиус Оливейра (61,68 кг).

*Жан Силва жеңіл салмақтағы шекті орындай алмады және гонорардан 20% көлемінде айыппұл төлейді.