Бүгін, 29 маусымда Бразилия құрамасы Америка кубогының топтық кезеңі аясындағы 2-тур ойынында «Эллиджиант» стадионында өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилия сапында Савио мен Лукас Пакета гол соқты, сонымен қатар Винисиус Жуниор дубль жасады.

Парагвай құрамасының жалғыз голын қорғаушы Омар Альдерете соқты.

Соңғы турда Бразилия Колумбиямен ойнаса, Парагвай Коста-Рикамен кездеседі. Екі кездесу де 3 шілде күні Астана уақытымен 04:00-де басталады.