29 маусымға қараған түні 2024 жылғы Америка кубогының топтық кезеңіндегі матчы Колумбия мен Коста-Рика арасында өтті. Кездесу де 3:0 есебімен колумбиялықтар жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаздар сапында Луис Диас (пенальти), Давинсон Санчес және Джон Кордоба бір голдан соқты. 77-минутта «Краснодардың» тағы бір ойыншысы Кевин Кастаньо алаңға шықты, «Динамоның» жартылай қорғаушысы Хорхе Карраскаль матчты толықтай қосалқы құрамда өткізді.

Колумбия екінші жеңісіне жетіп, плей-офф кезеңіне ерте шықты.

Соңғы турда Колумбия Бразилиямен ойнаса, Коста-Рика Парагваймен кездеседі. Екі кездесу де 3 шілде күні Астана уақытымен 06:00-де басталады.