Gracenote сараптамалық компаниясы Париж Олимпиадасына 1 ай уақыт қалғанда, соңғы болжамын ұсынды.

Мәліметке сенсек, Қазақстанға 2 алтын, 2 күміс, 6 қола бұйырып, жалпы есепте 26-орынға тұрақтайды. Ал өзге Орталық Азия елдерінен Өзбекстанға 3 алтын, 2 күміс, 6 қола бұйырады.

Айта кетейік, бұндай сәуегейлік жасауға өткен Олимпиададағы көрсеткіштері, әлем, құрлық біріншілігіндегі нәтижелері есепке алынады.

Ал ТОП-5 тізімге енген елдер:

1. АҚШ — 37 алтын, 34 күміс, 52 қола.

2. Қытай — 36 алтын, 29 алтын, 22 қола.

3. Франция — 29 алтын, 17 күміс, 10 қола.

4. Нидерланды — 17 алтын, 8 күміс, 9 қола.

5. Ұлыбритания — 14 алтын, 25 күміс,23 қола.

26 шілде-11 тамыз күндері аралығында өтетін Париж Олимпиадасында 32 спорт түрінен 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Қазақстаннан 25 спорт түрінен 72 жерлесіміз Париж Олимпиадасының 83 жолдамасын иеленген.