Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Анна Данилина Бад-Хомбург (Германия) WTA 500 турнирінің финалынан тыс қалды.

Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге жартылай финалда тайбэйлік Хао-Чин Чань – ресейлік Вероника Кудерметовамен бетпе-бет келді.

Қытайлық-ресейлік жұп 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. 1 сағат 15 минутқа созылған матчта А.Данилина – С.Ифань 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Алдағы аптада қазақстандық теннисшілер жылдың басты додаларының бірі – Уимблдонда бақ сынайтын болады.