Грузияның бұрынғы премьер-министрі Бидзина Иванишвили футболдан Грузия ұлттық құрамасы Еуро-2024 топтық турнирінде Португалияны жеңіп, Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шыққаны үшін футболшыларға 30 миллион лари (шамамен 5 миллиард теңге) сыйақы береді.

Грузияның бұрынғы премьер-министрі ұлттық құрамаға құттықтау жеделхатын жолдады. Онда ол жақын арада Грузия құрамасына 30 миллион лари (10 миллион АҚШ доллары) берілетінін жазған.

Сонымен қатар, миллиардер плей-оффта Испания құрамасын жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне шыққан жағдайда футболшыларға қосымша 10 миллион еуроны табыстайтынын уәде етіп отыр.