Жуырда ғана футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған Станислав Черчесов қазақ тілінен алғашқы сабағына қатысты.

Қазақ тілінің танымал маманы әрі «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тәсібеков бас бапкерге дәріс оқиды.

Осы уақытқа дейін қазақ тілінде қанша адамның сөйлеуіне себепкер болдым деген Қанат Тәсібеков жыл соңына дейін бас бапкерді барынша сөйлетуге тырысатынын айтты.

Қазақстан футбол федерациясы әрқашан Қазақ тілін басым бағытқа қояды. Сонымен қатар ҚФФ жағынан қазақ тілін оқыту курстарынан бөлек, Қазақ тілін дамыту комитеті де жұмыс істеп тұр.

#KFFTeam