Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының кеңесші бапкері Ференц Тот түсіндірді спортшылар деңгейінің жоғарылағанын айтты. Білікті маманның пікірінше, отандық нояндармен әлемдік шеберлер санасады, деп жазады Olympic.kz.

«Алты жылға жалғасқан дайындық кезеңінде біз команданың техникалық деңгейін арттырып, әрбір шпагашының әдіс-тәсілдерін арттырдық. Құрамадағы спортшылардың барлығы да әртүрлі, бірақ олардың бәрінде де керемет күш бар. Біз осы күшті дұрыс пайдалануды үйрендік және жақсы стратегияның арқасында соңғы кезде нәтижемізді жақсарттық.

Дайындықтың келесі кезеңі менталдық деңгейді дамытуға арналды. Біздің командада бәрі бір-бірін жақсы түсінеді, бір-біріне сенеді. «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген ұран Қазақстан құрамасына арналғандай. Жарыс алдында мен команданың жай ғана демалуына рұқсат бердім», - дейді маман.

Айта кетелік, Ференц Тот жетекшілігімен шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасына жолдама алып, Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.