Танымал қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Санта-Моникадағы (Калифорния) Churchill x Matchroom спорт залында өткен жаттығудан үзінді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Геннадийдің соңғы залы. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап зал британдық Matchroom промоутерлік компаниясына тиесілі.

«Бауырым, ренжіме – ел үшін бұл видеоны жариялауға тура келді! GGG, аңызбен! Баға жетпес сабақ үшін рахмет», — деп жазды Ахмедов.

42 жастағы Головкин спорттан кететінін ресми жариялаған жоқ, бірақ ақпан айының соңында ол Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болды. Бір қызығы, 26 жастағы Ахмедовтың мансабында Головкинге қарағанда ұзағырақ үзіліс болды. Садриддин 2022 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсеткен жоқ.

Қазіргі уақытта Ахмедовтың промоутері де, менеджері де жоқ. Головкиннің GGG Promotions атты жеке промоутерлік компаниясы бар, оның қамқорлығымен тек бір ғана боксшы - қазақстандық супер орта салмақтағы Әли Ахмедов өнер көрсетеді.