Бүгін Англия құрамасы Германиядағы Еуро-2024 матчтары алдында кезекті жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаттығу тілшілерге ашық болды, бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі 23 жастағы «Ньюкасл» вингері Энтони Гордон бет пен қол жарақатымен жаттығу өткізгенін атап өтті.

БАҚ мәліметінше, ол 26 маусымда командамен велосипедпен серуендеу кезінде құлап, осы жарақаттарды алған.

Еске сала кетейік, Англия құрамасы 5 ұпаймен Еуро-2024 турнирінде С тобында бірінші орын алған болатын. 1/8 финалда Гарет Саутгейт шәкірттері Словакия құрамасымен кездеседі.