Алматы Орталық стадионы келесі жылы жөндеу жұмыстарына жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік астанада 2025 жылы «Орталық стадионда» қайта жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Кейінгі рет стадионды жөндеу жұмыстары 2016 жылы жүргізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық стадионда Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы аясындағы алдағы матчтары өтеді. Ұлттық құрама Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен кездеседі. Алғашқы ойындар қыркүйек айының басына жоспарланған.