Шымкентте 35 мың көрермен сыятын жаңа стадион құрылысы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрылыстың алғашқы кірпіші 28 маусымда қаланады. Іс-шараға Шымкент әкімі Ғабит Сыздыбеков қатысатыны хабарланды.

Еске салайық, Қажымұқан атындағы Орталық стадион 1969 жылы салынған. Оған 20 мың жанкүйер сыяды. Бүгінде шымкенттік «Ордабасы» осы стадионда ойнап жүр.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда сыйымдылығы ең үлкен стадион «Астана Арена» саналады (30 000 көрермен).