Елордалық «Астана» сапында хорватиялық екі футболшы қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық команда хорватиялық оң қорғаушы Карло Бартолетспен келісімшартқа отырғанын хабарлады. Көк-сарылар қатарында 2 нөмірде алаңға шығады.

Карло – көңіл көншітерлік мансабы бар ойыншы, қорғаушы «Копенгаген», «Осиек», даттық «Нордшелланд» және «Локомотив» Загреб командаларында ойнады. Бартолецпен келісімшарт 1,5 жыл мерзімге жасалды.

Одан бөлек, хорватиялық орталық қорғаушы Бранимир Калайца астаналықтар қатарына қосылды. Ол «Астана» қатарында 3-нөмірлі жейде киетін болады.

Бранимир – топ футболшы, ол «Бенфика» сапында Португалия чемпионы атанды. Соңғы жылдары Хорватияның «Локомотив» клубында ойнады. Аяқдопшымен келісімшарт 2,5 жыл мерзімге жасалды.