"Қайрат" U-17 командасының Гельвеция халықаралық кубогындағы қарсыластары анықталды.

Швейцарияның Санкт-Галлен қаласында 8-11 тамыз аралығында өтетін турнирдің жеребесі тартылып, алматылық команда жасөспірімдері "А" тобына түсті. 2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы бұл топта ПСЖ(Франция), "Винтертур" (Швейцария), "Санкт-Галлен" (Швейцария) және "Дейнзе"(Бельгия) командаларының өрендері ойнайды.

"Қайрат" жасөспірімдері жарыстағы алғашқы ойынын 9 тамыз күні турнир қожайындары "Санкт-Галленге» қарсы өткізеді. Қалған матчтардың күнтізбесі жақын арада белгілі болады.