Қазақстандық қақпашы Андрей Шутов Словакияның «Слован» хоккей командасына ауысты. Бұл жөнінде словакиялық команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Биылғы маусымды Өскемен хоккей мектебінің түлегі елордалық «Барыс» командасы құрамында өткізді.

Қақпашы «Барыс» жүйесінде үш жылдан астам уақыт өткізді. Өткен маусымда ол Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында барлығы 2000 минут ойын өткізді.

Андрей Шутов 1998 жылы 4 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген.

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында 39 ойын өткізді.

Сондай-ақ ол биыл Чехияда өткен әлем чемпионатында 6 матчта мұзайдынға шықты.

«Слован» Словакияның тоғыз дүркін чемпионы атанған. Ұлттық чемпионатта соңғы рет 2021-2022 жылғы маусымда жеңіс тұғырына көтерілген.