Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Маған көптеген сұрақ келіп жатыр. Елімізде білікті бапкерлер көп, неге соның арасынан таңдамаңыздар деген секілді. Оған айтатының жауабым – қазіргі уақытта біліктілігі жоғары оншақты бапкеріміз бар. Бірақ ғылыми статистика бойынша, білім ол 20% ғана. Ал 100% нәтижеге жету үшін 40% жеке қабілеті және 40% тәжірибесіне байланысты. Жеке қабілет туралы айтсақ – бапкер көшбасшы, төзімді, өзіме сенімді болу керек. Сондай-ақ энергия сапасы, эмоционалды интеллект деген бар. Тәжірибе – уақытпен өлшенбейді. Бас бапкер басынан жеңіс күнді де, жеңілісті сәтті де өткізу қажет. Осыны өткен адам не істеуге болатынын, нені болмайтынын біледі. Осының бәрін ескере отырып, құзыреттілік моделіне қарап, Черчесов мырзаны шақырдық.

– Ұлттар лигасындағы матчтарды қайда өткіземіз?

– Матчтарды Алматыда қабылдауға дайындалып жатырмыз. УЕФА мамандары стадион бойынша ұсыныстар жасады. Қазір жоспар бойынша жұмыс істелініп жатыр.