Қазақстандық теннисші Зарина Дияс "Уимблдон" турнирі іріктеу додасында финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

WTA рейтингінде 967-орында тұрған Дияс әлемнің 138-ракеткасы, америкалық Сачия Викериді жеңіп кетті.

Есеп - 3:6, 7:5, 7:5.

Зарина Дияс іріктеу кезеңінің финалында әлемнің 92-ракеткасы, қытайлық Чжосюань Бай немесе рейтингіде 194-сатыда тұрған таиландтық Ланлана Тарарудидің қай жеңгенімен таласады