Transfermarkt басылымы Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшылар рейтингін жаңартты.

Тізім көшін ұлттық құрама және "Ақтөбе" командасының шабуылшысы Максим Самородов бастап тұр. Оның қазіргі трансферлік құны 1,2 млн еуроны құрайды.

Алғашқы ондыққа қазақстандық екі футболшы ғана енген. Қалған 8 футболшы премьер-лигаға келген легионер ойыншылар.

1. Максим Самородов ("Ақтөбе") – 1,2 млн еуро2. Валерий Громыко ("Қайсар") – 900 мың еуро3. Габи Кики ("Ақтөбе") – 900 мың еуро4. Иброхимхалил Юлдошев ("Қайрат") – 800 мың еуро5. Макс Эбонг ("Астана") – 800 мың еуро6. Әлібек Қасым ("Ақтөбе") – 800 мың еуро7. Дорни Ромеро ("Ақтөбе") – 800 мың еуро8. Артем Беседин ("Ордабасы") – 800 мың еуро9. Ловро Цвек ("Ордабасы") – 800 мың еуро10. Егор Сорокин ("Елімай") – 800 мың еуро