Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің іріктеу финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық кортта сербиялық спортшы Хамад Меджедовичпен кездесті. 6-7, 7-5, 6-4 есебімен Жуқаев жеңіске жетті.

Айта кетейік, турнирдің басында Жұқаев австриялық теннисші Юрий Родионовпен кездесіп, оны 7-6 (7-5), 7-6 (9-7) есебімен жеңген болатын.