Бүгін, 26 маусымда Еуро-2024 топтық кезеңінің финалдық ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

F тобында бүгін Чехия мен Түркия құрамалары кездесті. Кездесу де 2:1 есебімен Түркия жеңіске жетті.

Чехия сапында Томаш Соучек матчтың 66-минутында гол соқты. Түркия сапында Хакан Чалханоглу – 51-минутта және Дженк Тосун – 90+4 минутта гол соқты.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Түркия құрамасы екінші орын алып, турнирдің плей-офф кезеңіне өтті – 6 ұпай.