Грузия құрамасы Еуро-2024 топтық турнирінің 3-турындағы ойында Португалияны жеңді - 2:0, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтағы есепті 2-минутта Хвича Кварацхелия ашты, пас берген Жорж Микаутадзе. Екінші таймның 57-минутында Микаутадзе пенальтиді орындады.

Грузия 4 ұпай жинап, үшінші орын алды. Команда дебюттік Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шықты.