Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Лондонда Уимблдон іріктеуінің екінші кезеңінде матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев франциялық Титуан Дрогемен кездесті. Қазақстандық теннисші екі сетте жеңіске жетті - 6:4, 7:6.

Еске салайық, іріктеудің алғашқы айналымында ол франциялық тағы бір теннисші Маттео Мартиноны қапы қалдырған еді.