Қазақстандық қорғаушы Ескендір Қыбырай карьерасын қарағандылық «Шахтерде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаушы қарағандылықтар құрамында 2021 жылы өнер көрсеткен еді.

Қыбырай маусымды «Жетісу» сапында бастап, бір ғана матч өткізді. 2022-2023 жылдары Ескендір «Ақтөбеде» ойнап, барлық турнирдегі 16 матчта үш гол соқты.

2021 жылы Қыбырай Қазақстан құрамасына шақырту алған еді, бірақ ақыры алаңға шықпаған болатын.