Франциялық жартылай қорғаушы Сада Тиуб семейлік «Елімай» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, Тиуб семейлік ұжымға биыл наурызда қосылып, барлық турнирде 15 матч өткізген.

Тиуб франциялық «Анже», «Сент-Этьен» сапында өнер көрсетті. 2017 жылы Сенегал құрамасы сапында Конфедерация кубогында ойнады.

Ол былтыр франциялық Лига 1 аясында ПСЖ қақпасына гол соққан еді.