Кувейтте өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында саблямен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы турнир барысында Өзбекстан және Жапония құрамаларын жеңіп, жартылай финалға өтті. Финал жолдамасы үшін таласта біздің команда Иран құрамасымен кездесіп, жеңіліс тапты.

Қола медаль үшін қазақстандықтан Гонконг командасына қарсы шығады.

Аталған турнирде Қазақстан намысын Артем Саркасян, Саттархан Назарбай, Жанат Нәбиев, Бақдәулет Құралбекұлы қорғап жатыр.

Айта кетелік, шпагадан жекелей сында Ерлік Сертай Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Бұл оның ересектер арасында иеленген тұңғыш медалі.