WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жек алдында Instagram парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спарринг қызу жүріп жатыр. Құдай қаласа, жекпе-жек келесі айдың 13-і күні өтеді. Екі әлемдік титулды қорғаймыз!», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу барысының суретін жариялап.

13 шілдеде Лас-Вегаста (Невада) Жәнібек жаңа зеландиялық ресейлік боксшы Андрей Михайловичке қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде неміс спортшысы Винченцо Гуглеримен жекпе-жек өткізіп, IBF чемпионы атағын жеңіп алған болатын.