Вахид Масудов «Алтай» бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтай Өскемен» ФК бас бапкері болып Қазақстан футболының аңызы, кеңестік және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері - Масудов Вахид тағайындалды.

Бапкерлік мансабын 1996 жылы «Қайрат» ФК-да бастады, одан әрі маман тізімінде «Тараз», «Атырау», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Мақтарал», 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы және Super bol жобасы болды», - делінген хабарламада.

Жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандар, жаттықтырушының көмекшісі - Вячеслав Александрович Зинюков, дене шынықтыру жаттықтырушысы - Егор Сергеевич Скулкин, қақпашылар жаттықтырушысы - Илья Евгеньевич Байтеряков кірді.