Қостанайлық «Тобыл» сапынан Косово құрамасының қорғаушысы Давид Домжони кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін қорғаушы Давид Домжони «Тобыл» сапынан кетті.

Қостанай клубының құрамында Давид Домжони 7 матч өткізіп, Olimpbet-Суперкубок иегері атанды.

«Тобыл» футбол клубы Давидке бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, одан әрі мансабында табыс тілейді», - делінген хабарламада.