26 маусымда Америка кубогы топтық кезеңінің екінші туры аясында Чили мен Аргентина кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чили алғашқы матчында Перумен ұпай бөлісті - 0:0.

Аргентина болса, алғашқы ойынында Канаданы 2:0 есебімен қапы қалдырған болатын.

Бүгін түнде Перу мен Канада арасындағы ойын өтеді. Бұл кездесу 03:00-де басталады.

Аргентина - Чилиматчының тікелей трансляциясын qazsporttv.kz телеарнасы көрсетеді. Ойын таңғы 6:00-де бастау алады.