Испания құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық үш матчта гол жібермей жеңіске жеткен тарихтағы екінші команда атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италия мұны Еуро-2020-да орындаған еді.

Айта кетейік, бір күн бұрын, 23 маусымда Испания мен Албания құрамалары арасында Еуро-2024 топтық кезеңінің 3-туры аясындағы ойыны өткен болатын. Командалар Дюссельдорф қаласындағы (Германия) «Меркур Шпиль-Арена» аренасында ойнады.

Матчты Гленн Нюберг бастаған төрешілер тобы басқарды. Кездесу де 1:0 есебімен Испания жеңіске жетті. 13-минутта Испания құрамасының шабуылшысы Ферран Торрес матчта есеп ашты.