Грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердің аға жаттықтырушысы Алмат Кебіспаев Иорданияда өткен Азия чемпионатын қорытындылады.

Хашимит қаласындағы құрлық додасында грек-рим күресінен алты балуан жүлдегер атанды.

"Жалпы Иорданиядағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қол жеткізген нәтижесі бапкерлер көңілінен шықты. Құрамамызда бұдан да жақсы нәтиже көрсетеді деген балуандар болды, кішкене өздеріне сенінкіремей қалды деп ойлаймын. Бұдан жақсы нәтижеге қол жеткізуге толық мүмкіндігіміз болды. Енді қателіктермен жұмыс істейміз. Алдағы U-17 әлем чемпионатында кейбір салмақтарда өзгеріс болуы мүмкін", - деді Кебіспаев.

Айта кетейік, грек-рим күресінен U-17 құрамасы командалық есепте үшінші орын алды, 10 балуанның алтауы Азия чемпионатында жүлдеге ілінді.