Бұрынғы әлем чемпионы кіші Рой Джонс ұлы Деандре өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өкінішке орай, ұлым Деандре сенбіде өз өмірін қиды. Құдай маған жұма күні кешке үйге келуге мүмкіндік бергені үшін өте ризамын, ол өмірінің соңғы түнін менімен және отбасымен өткізе алды.

Қазір көп адамдар қиын кезеңдерді бастан өткізіп жатқанын білемін, бірақ өз өміріңді қиюдың қажеті жоқ. Құдай береді, Құдай оны өзі алуы керек.

Қиын кезеңді өткізгенше біздің жеке өмірімізді отбасымды құрметтеңіздер. Махаббат пен қолдау үшін рахмет», - деп жазды Джонс.

Деандере Джонс пен әйелі Нетлиннің үш баласынан кейінгі кенжесі болатын.