Италия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турында Хорватия құрамасымен өткен матчта тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

В тобындағы кездесу Лейпцигте өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. 55-минутта Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич гол соқты.

Екінші таймға қосылған сегізінші минутта Маттиа Дзакканьи есепті теңестірді.

Лучано Спаллетти шәкірттері 4 ұпай жинап, В тобында екінші орын алып, Еуро-2024 плей-офф кезеңіне жолдама алды. Квартеттегі бірінші орынды Испания құрамасы (9 ұпай), Хорватия құрамасы (2) турнирдің плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін әлі де сақтап қалды үшінші орында, Албания (1) төртінші орынға табан тіреді.