Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп өнер көрсететін сан-петерборлық «Зенит» сапына қорғаушы Юрий Горшков ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаушы «Крылья Советов» сапынан ауысты. Келісімшарт 3+1 жүйесі бойынша жасалған.

Горшков 2016-2020 жылдар арасында мәскеулік «Чертаново» сапында өнер көрсеткен. Ол сол қапталдағы қорғаушы позициясында ойнайды. Бірақ қорғаныстың орта бөлігінде де тәжірибесі бар.

Айта кетейік, «Зенит» өткен маусымда Ресей чемпионы атанған болатын.