Әзербайжандық қақпашы Шахруддин Магомедалиев түркиялық «Адана Демирспор» сапынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Oxu.az сайтына сілтеме жасап.

Магомедалиев өткен маусымда 25 матчта 40 гол жіберіп, тек бес ойынды қақпасын голдан аман алып қалған.

Ол түркиялық клубқа былтыр әзербайжандық «Қарабақтан» 900 мың еуроға ауысқан еді.

Еске салайық, «Адана Демирспор» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов өнер көрсетеді. Ол Әзербайжанға қарсы жолдастық кездесуден кейін Магомедалиевті командадағы жақын досы екенін айтқан еді.