Гвинея-Биссау құрамасының ойыншысы Жозе Корреа семейлік «Елімайға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жайында ресейлік инсайдер Иван Карпов мәлім етті.

Ол Зе Турбо деген лақапатымен танылған. Зе Турбо негізі «Пари НН» ойыншысы, семейлік клуб 27 жастағы футболшыны жалға алмақ.

Корреа 2016-2018 жылдар арасында миландық «Интер» ойыншысы болған, бірақ негізгі командасында алаңға шықпады.

Шабуылшы өткен маусымда Ресей Премьер-лигасында 23 матч өткізіп, төрт гол соққан және бір гол пасын берген.